«Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамдары қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумдарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қазандағы № 970 Қаулысы
(2008.15.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2018 жылғы 10 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Тобыл», «Каспий» және «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 қыркүйектегі № 407 Жарлығының 1-тармағының 3) тармақшасын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум;
2) «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум;
3) «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының