«Патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 14 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 150 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту туралы» Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 14 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10285 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Патронаттық тәрбие туралы ережеде көрсетілген:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге алуға тілек білдірген адам органға мынадай құжаттарды:
1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша патронаттық тәрбиеші болу және ақшалай қаражат төлеуді тағайындау туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш);
2) тұлғаны куәландыру құжатын (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
3) егер патронат тәрбиеші болуға тілек білдірген адам некеде тұрса, зайыбының (жұбайының) келісімін;
4) егер некеде тұрса, некеге тұру туралы куәліктің көшірмесін;
5) тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттардың көшірмесін;