«2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Түркістан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 57/404-VI шешiмi (2021.30.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Түркістан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 57/404-VI шешiмi

(2021.30.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9 бабының 2 тармағына, 75 бабының 2 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына және Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5953 тіркелген шешіміне сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Түркістан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2021.16.03. № 3/10-VІІ шешiмiмен (бұр.ред.қара); 2021.27.04. № 6/26-VІІ шешiмiмен (бұр.ред.қара); 2021.26.07. № 10/54-VІІ шешiмiмен (бұр.ред.қара); 2021.08.10. № 13/66-VІІ шешiмiмен (бұр.ред.қара); 2021.30.11. № 15/72-VІІ шешiмiмен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Арыс қаласының 2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кiрiстер – 16 506 830 мың теңге:

салықтық түсiмдер – 2 565 766 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер – 144 584 мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер – 75 111 мың теңге;

трансферттер түсiмi –13 721 369 мың теңге;

2) шығындар – 16 511 772 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу – 18 775 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 26 253 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 7 478 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – -1 620 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 1 620 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 22 097 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 22 097 мың теңге.

қарыздар түсімі – 26 253 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 7 478 мың теңге;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.