Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2026 жылғы 3 тамыздағы № 78/қе бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің Қамтамасыз ету және кадр жұмысы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы |
Е. Сагимбаев |
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2026 жылғы 3 тамыздағы
№ 78/қе бұйрығына қосымша
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің) аумақтық органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің) Төрағасының 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 1 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12873 болып тіркелген).