«Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 742 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 43 бұйрығы
«Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 26-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 742 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 8853 болып тіркелген, 2013 жылғы 29 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында темір жол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Тасымалдаушылар жол жүру құжаттарын (билеттердi) сатуды жасасқан ақысыз шарттар негізінде жолаушы агенттіктерінің билет кассалары арқылы ұйымдастыра алады.»;
мынадай мазмұндағы 37-тармақпен толықтырылсын:
«37. Жол жүру құжаттарын (билеттерді) интернет-ресурстарда сатуда поездың сапалы сипаттамалар туралы өзекті ақпарат, оның ішінде мыналар туралы ақпарат ұсынылады:
вагондардың шығарылған жылы;
ауа желдету жүйесінің болуы;
поездың санаты;
жолаушылардың қоғамдық тамақтану пункттерінің болуы;
багаж бөлімдері;