ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 247 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 210 бұйрығына 3-қосымша
Тауарлардың есебін жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органына еркін кедендік
аймақ кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар бойынша есептілікті ұсыну
қағидасы
1. Осы Тауарлардың есебін жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органына еркін кедендік аймақ кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар бойынша есептілікті ұсыну қағидасы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 60-1 және 210-баптарына және 2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімнің (бұдан әрі - АЭА туралы келісім) 14-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және еркін кедендік аймақ (бұдан әрі - ЕКА) кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлардың және көрсетілген кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың есебін жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органына осындай тауарлар бойынша есептілікті ұсыну тәртібін айындайды (бұдан әрі - Қағида).
2. Тауарлардың есебін жүргізу тәртібі
2. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы (бұдан әрі - АЭА қатысушы) осы Қағиданың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес белгіленген нысандар бойынша есепке алу кітабын жүргізу жолымен (бұдан әрі - Есепке алу кітабы) қағаз тасымалдағышында немесе мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесімен интеграцияланған тауарларды есепке алудың автоматтандырылған жүйесін пайдаланып электрондық түрде ЕКА кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлардың және көрсетілген кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың есебін жүргізеді.
3. Есепке алу кітабын АЭА туралы келісімнің 15-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген мерзім ішінде АЭА-ға қатысушы сақтайды.