«Арнайы экономикалық аймақтың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 210 бұйрығы (күші жойылды)

Арнайы экономикалық аймақтың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 210 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 247 бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 60-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес, Арнайы экономикалық аймақтың аумағын жайластыру және осындай аумаққа тұлғалардың кіруіне рұқсат беру қағидасы;

2) Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес, Арнайы экономикалық аймақтың аумағына тауарларды әкелу туралы хабарламаны беру, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтың аумағына тауарларды әкелуге және мұндай аумақтан тауарларды әкетуге рұқсат беру қағидасы;

3) Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес, Тауарлардың есебін жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органына еркін кедендік рәсімге орналастырылған тауарлар бойынша есептілікті ұсыну қағидасы;

4) Осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес, Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды, Кеден одағының тауарлары деп тану қағидасы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесіне жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурстарында жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

 

 

 

«Келісілді»

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев

2015 жыл 9 сәуір

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2015 жылғы 26 наурыздағы

№ 210 бұйрығына 1-қосымша

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.