«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңестің құрамына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2025 жылғы 30 маусымдағы № 111 бұйрығы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңестің құрамына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2025 жылғы 30 маусымдағы № 111 бұйрығы

 

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 10-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 241 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңестің құрамына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңестің (бұдан әрі - Қоғамдық кеңес) мүшелігіне мемлекеттік органның өкілдері ретінде:

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының орынбасары Әлібек Ғазизулы Ахмедьяр;

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Азамат Сағатулы Жолманов;

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметке іріктеу департаментінің директоры Нұрсұлтан Берікұлы Бекінов бекітілсін;

2) Қоғамдық кеңестің құрамынан С.С. Мүксімов, Е.Қ. Әбіл және Қ.С. Айтақын шығарылсын.

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Төраға

Д. Жазықбай

 

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік қызмет

істері агенттігі төрағасының

2025 жылғы 30 маусымдағы

№ 111 бұйрығына қосымша

 

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік қызмет

істері агенттігі төрағасының

2023 жылғы 8 желтоқсандағы

№ 241 бұйрығына

қосымша

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.