«Зерттеу сынау өртке қарсы зертханалардың қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 510 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 112 бұйрығы

«Зерттеу сынау өртке қарсы зертханалардың қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 510 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 112 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Зерттеу сынау өртке қарсы зертханалардың қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 510 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15540 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiнде 2017 жылғы 9 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Зерттеу сынау өртке қарсы зертханалардың қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы қағидалар Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аумақтық бөлімшелерінің зерттеу сынау өртке қарсы зертханалары (бұдан әрі - ЗСӨҚЗ) қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. ЗСӨҚЗ қызметі:

1) қылмыстық, әкімшілік сот істерінде және азаматтық қорғау органдарының өзге де қызметінде қолдану үшін өрт қауіпсіздігі саласындағы арнайы білімдерін білікті пайдалануды;

2) мамандардың тергеу іс-қимылдарына қатысушыларға өз құзыретіне кіретін мәселелерді түсіндіру арқылы дәлелдемелерді жинауға, зерттеуге және бағалауға жәрдемдесу үшін ЗСӨҚЗ техникалық құралдарын пайдалана отырып, оқиғалар орнын қарап-тексерулерге және басқа да тергеу іс-қимылдарына қатысуын;

3) өрттің туындау орнын, олардың туындауы мен дамуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды айқындау мақсатында қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша заттай дәлелдемелерді зерделеу бойынша оларға зерттеу жүргізуді, зерделенетін құбылыстар мен фактілердің заңдылығын белгілеу мақсатында мәліметтерді жүйелендіруді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.