«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жұмысын ұйымдастыру бойынша Нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № 458 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 2 наурыздағы № 89 бұйрығы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жұмысын ұйымдастыру бойынша Нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № 458 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 2 наурыздағы № 89 бұйрығы

 

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 қарашадағы № 452 бұйрығымен күші жойылды

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволары қызметкерлерінің әкімшілік рәсімдерін одан әрі жетілдіру, жауапкершілігі мен орындаушылық тәртібінің деңгейін арттыру және бақылауды күшейту мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жұмысын ұйымдастыру бойынша Нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № 458 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің вице-министрлері, құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының басшылары Нұсқаулық талаптарының қатаң орындалуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрлері мен аппарат басшысына жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр

А. Аймағамбетов

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2021 жылғы 2 наурыздағы

№ 89 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің

жұмысын ұйымдастыру жөніндегі

 нұсқаулық

 

 

1. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.