«Түркістан облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 12/169-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Түркістан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 18/250-VIII шешімі
Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Түркістан облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 12/169-VIII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6598-13 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімге қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыстық мәслихат төрағасы | Н. Әбішов |
Түркістан облыстық мәслихатының
2025 жылғы 26 қыркүйектегі
№18/250-VIII шешіміне қосымша
Түркістан облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері