Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 12 қарашадағы
№ 695 бұйрығына 8-қосымша
Нысанға қосымша
«Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация» салық есептілігінің нысанын жасау бойынша түсініктеме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация» жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша салық есептілігінің (200.00-нысан) (бұдан әрі - Декларация) нысаны жеке табыс салығының (бұдан әрі - ЖТС), әлеуметтік салықтың, бірыңғай төлемнің сомаларын есептеуге, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі - БЖЗҚ) міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың (бұдан әрі - әлеуметтік аударымдар), міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың (бұдан әрі - МӘМС) сомаларын есептеуге, ұстап қалуға (есептеуге) және аударуға арналған.