Қазақстан Республикасы экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігін беру қағидаларын және оны беру нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 маусымдағы № 317 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 143-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігін беру қағидалары;
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігін беру нысаны бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.