«Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 22 маусымдағы № 521 Қаулысы (қолданысқа енген жоқ)

«Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 22 маусымдағы № 521 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларында:

1-тармақтың үшінші - тоғызыншы абзацтары 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің цифрлық жүйесі (бұдан әрі - ҚР ҚМ ЦЖ) - жұмылдыру ресурстарын есепке алудың азаматтарды дербес әскери есепке алуға және цифрлық жүйелермен интеграциялық өзара іс-қимыл жасауға арналған автоматтандырылған жүйесі.»;

14-тармақта:

бірінші бөліктің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) Заңның 17-бабының 4-тармағында көрсетілген мәліметтер мемлекеттік органдардың мемлекеттік цифрлық жүйелерінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету арқылы сұратылады.»;

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік цифрлық жүйелер арасында өзара іс-қимыл болмаған жағдайда Заңның 17-бабының 4-тармағында көрсетілген мәліметтерді қорғаныс істері басқармалары (бөлімдері) тиісті сұрау салулар арқылы үш жұмыс күні ішінде алады.»;

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Әскерге шақырылушыларды iрiктеу мен зерделеуді Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, арнаулы мемлекеттік органдар өкiлдерiнің қатысуымен бірлесіп жүргізуге жол берiледi.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.