Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жедел резервінің материалдық құндылықтарымен операция жүргізу, олардың орнын ауыстыру, пайдалану, толықтыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағыі № 225 бұйрығы
Осы редакция 2016 жылғы 25 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 12-бабының 1-тармағы 4) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРAМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жедел резервінің материалдық құндылықтарымен операция жүргізу, олардың орнын ауыстыру, пайдалану, толықтыру қағидалары бекітілсін.
2. Азаматтық қорғыныс департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеп, одан кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор В.В. Петровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.