«Пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджетті енгізу, оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту және блоктық бюджетті пайдаланатын мемлекеттік органдар тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қыркүйектегі № 761 Қаулысы (күші жойылды)

Пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджетті енгізу, оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту және блоктық бюджетті пайдаланатын мемлекеттік органдар тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қыркүйектегі № 761 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 8 тамыздағы № 602 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 2-1-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджетті енгізу, оның жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес блоктық бюджетті пайдаланатын мемлекеттік органдардың тізбесі айқындалсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2024 жылғы 18 қыркүйектегі

№ 761 қаулысымен

бекітілген

 

 

Пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджетті енгізу, оның жұмыс істеу

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджетті енгізу, оның жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 2-1-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және пилоттық жоба (бұдан әрі - пилоттық жоба) шеңберінде осы қаулыға қосымшада айқындалған тізбеге (бұдан әрі - тізбе) сәйкес блоктық бюджетті пайдаланатын мемлекеттік органдар үшін блоктық бюджетті енгізудің және оның жұмыс істеуінің бюджеттік рәсімдерінің тәртібін айқындайды.

2. Пилоттық жобаға қатысатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне қатысты «2024 - 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген 2024 жылға арналған республикалық бюджет көлемін атқару, 2025 - 2027 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру осы Қағидалардың ережелері ескеріле отырып жүзеге асырылады.

3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.