«Бағалы металдарды өндіру субъектілерінен бас тартуды немесе осындай бас тартудың бар екені туралы уәкілетті органның растамасын алу қағидаларын, сондай-ақ бағалы металдарды өндіру субъектілері үшін шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 12 қазандағы № 714 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 31 тамыздағы № 431 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бағалы металдарды өндіру субъектілерінен бас тартуды немесе осындай бас тартудың бар екені туралы уәкілетті органның растамасын алу қағидаларын, сондай-ақ бағалы металдарды өндіру субъектілері үшін шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 12 қазандағы № 714 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14398 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бағалы металдарды өндіру субъектілерінен бас тартуды немесе осындай бас тартудың бар екені туралы уәкілетті органның растамасын алу қағидалары, сондай-ақ бағалы металдарды өндіру субъектілері үшін шарттары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. |
Е. Нагаспаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жасанды интелект және цифралық даму
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»