«Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидаларын, сондай-ақ есептіліктің тізбесін, нысандарын және орналастыру кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1384 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 799 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 11 шілдеге № 550 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидаларын, сондай-ақ есептіліктің тізбесін, нысандарын және орналастыру кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1384 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 75-76, 1126-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік органдарға қажетті есептіліктің тізбесі және оны Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру кезеңділігі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастырылатын мемлекеттік органдарға қажетті есептілік нысандары:
осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 15 және 16-нысандармен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.