Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 24 тамыздағы № 562 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемеге және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 4 маусымдағы № 283 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36234 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемеге және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу қағидаларында:
көрсетілген қағидаларға 1 және 2-қосымшалардың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілсін, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылсын.
көрсетілген қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Қазақстан Республикасы экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігін беру қағидаларын және оны беру нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 маусымдағы № 317 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36317 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру нысанында:
№ ___ Экспортты қолдау бойынша кепілдік шартында:
1.3-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілсін, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылсын;
2.4.-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2.4. Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитетінде тіркелген сәттен бастап кушіне енеді.».
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;