«Мемлекеттік жер қойнауы қорының жай-күйін зерделеуді бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 6 сәуірдегі № 147 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

Мемлекеттік жер қойнауы қорының жай-күйін зерделеуді бақылау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 6 сәуірдегі № 147 бұйрығы

 

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 71-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік жер қойнауы қорының жай-күйін зерделеуді бақылау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Е. Нағаспаев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Өнеркәсіп және құрылыс

министрінің

2026 жылғы 6 сәуірдегі

№ 147 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Мемлекеттік жер қойнауы қорының жай-күйін зерделеуді бақылау

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы жер қойнауы мемлекеттік қорының жай-күйін зерделеуді бақылау қағидалары «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 71-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік қордың жай-күйін зерделеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде геология саласындағы ұлттық оператордың қызметіне жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органның бақылауды жүзеге асыру тетігін, формасы мен құралдарын айқындайды.

2. Осы бақылау Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 134-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 38-бабына сәйкес жүзеге асырылатын ішкі бақылауды білдіреді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.