«Мәслихаттың 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 310 «Қостанай қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2019 жылғы 18 қазандағы № 407 шешімі

Мәслихаттың 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 310 «Қостанай қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2019 жылғы 18 қазандағы № 407 шешімі

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106, 109-баптарына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Мәслихаттың «Қостанай қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 310 шешіміне (2019 жылғы 3 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8198 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Қостанай қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 57571094,9 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсімдер бойынша - 26362177,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша - 168578,8 мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша - 4495322,0 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша - 26545017,1 мың теңге;

2) шығындар - 61151222,0 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу - -420,7 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - -10903,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 3568803,4 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 3568803,4 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 7-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«7. 2019 жылға арналған қаланың жергілікті атқарушы органының резерві 19205,9 мың теңге сомасында бекітілсін.»;

көрсетілген шешімнің 1, 2, 3-қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Қостанай облысы

Қостанай қаласы мәслихатының

2019 жылғы 18 қазандағы

№ 407 шешіміне

1-қосымша

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.