Орта мерзімді кезеңге арналған экономикалық саясатты бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 275 Қаулысы
(2025.19.11. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 9-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Орта мерзімді кезеңге арналған экономикалық саясат бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.