«Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 бұйрығы (2024.26.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін анықтау туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 бұйрығы

(2024.26.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Қаржы министрінің 2024 жылғы 28 тамыздағы № 589 бұйрығымен 2025 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022.14.09. № 955 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2019.28.02. № 157 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 мамырынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алуды республикалық маңызы бар бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алуды облыстық бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алуды республикалық маңызы бар қалалар мен астананың бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алуды облыс ауданы, облыстық маңызы бар қалалар, облыстық маңызы бар қаладағы ауданның бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.