Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін анықтау туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 бұйрығы
(2024.26.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы министрінің 2024 жылғы 28 тамыздағы № 589 бұйрығымен 2025 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022.14.09. № 955 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2019.28.02. № 157 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 мамырынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алуды республикалық маңызы бар бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алуды облыстық бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алуды республикалық маңызы бар қалалар мен астананың бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алуды облыс ауданы, облыстық маңызы бар қалалар, облыстық маңызы бар қаладағы ауданның бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.