«Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау мен біліктілігін арттыру құнын есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2026 жылғы 10 шілдедегі № 124 бұйрығы

Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау мен біліктілігін арттыру құнын есептеу әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2026 жылғы 10 шілдедегі № 124 бұйрығы

 

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-баптың 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру құнын есептеу әдістемесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметті өткеру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау үшін жіберуді;

2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Төрағасының м.а.

 

 

С. Мүксімов

 

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Төрағасының міндетін атқарушының

2026 жылғы 10 шілдедегі

№ 124 бұйрығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Мемлекеттік қызметшілерді даярлау,қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру құнын есептеу

әдістемесі

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.