«Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері жөніндегі 2024-2025 жылдарға арналған ведомствоаралық жұмыс тобын құру» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 277-НҚ бұйрығы (күші жойылды)

Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері жөніндегі 2024-2025 жылдарға арналған ведомствоаралық жұмыс тобын құру
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 277-НҚ бұйрығы

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 15 сәуірдегі № 167-НҚ бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 19-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері жөніндегі 2024-2025 жылдарға арналған ведомствоаралық жұмыс тобы (бұдан әрі - Жұмыс тобы) құрылсын.

2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жұмыс тобы туралы ереже бекітілсін;

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр

А. Балаева

 

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және ақпарат

министрінің

2024 жылғы 28 маусымдағы

№ 277-НҚ бұйрығына

1-қосымша

 

 

Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері жөніндегі 2024-2025 жылдарға арналған

ведомствоаралық жұмыс тобының

құрамы

 

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, жұмыс тобының төрағасы;

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, жұмыс тобы төрағасының орынбасары;

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы, жұмыс тобының хатшысы;

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары - генерал- майор;

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары - генерал-майор;

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері;

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.