«Тәуелсіз сараптамалық комиссия құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 456 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № 338 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңының 65-бабы 3-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тәуелсіз сараптамалық комиссия құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 456 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тәуелсіз сараптамалық комиссия құрамы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті (Е.С. Буранбаев) «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамымен (А.Б. Кәрібозова) бірлесе отырып, белгіленген мерзімде «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлерді іріктеу үшін Тәуелсіз сараптамалық комиссия отырысының өткізілуін ұйымдастырсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 11 тамыздағы
№ 338 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 13 шілдедегі
№ 456 бұйрығымен
бекітілген
Тәуелсіз сараптамалық комиссия құрамы