«Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 14 қазандағы № 57/01 «Ақтоғай ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2025 жылғы 26 ақпандағы № 11/03 Қаулысы

Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 14 қазандағы № 57/01 «Ақтоғай ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2025 жылғы 26 ақпандағы № 11/03 Қаулысы

 

Ақтоғай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ақтоғай ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидаларын бекіту туралы» Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 14 қазандағы № 57/01 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

Ақтоғай ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданының әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Ақтоғай ауданы әкімдігінің

2025 жылғы 26 ақпандағы

№ 11/03 қаулысына қосымша

 

Ақтоғай ауданы әкімдігінің

2022 жылғы 14 қазандағы

№ 57/01 қаулысымен бекітілген

 

 

Ақтоғай ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың

қағидалары


1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ақтоғай ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-15) тармақшасына сәйкес әзірленді және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну мен ақы төлеу тәртібін белгілейді.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) бірыңғай төлем құжаты - тұтынушының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін коммуналдық және басқа да қосымша қызметтерді төлеуге арналған төлем құжатының нысаны;

2) газбен жабдықтау - тауарлық, сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу саласындағы қызмет;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.