«Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 23 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 995 бұйрығы (күші жойылды)

«Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 23 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 995 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қыркүйектегі № 529 бұйрығымен 2026 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 23 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16289 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

««Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 480-бабы 1-тармағына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 182-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ережеде:

1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кедендік реттеу туралы кодекс) 480-бабы 1-тармағына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 182-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленген және Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.