«Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде шарттарды ресімдеу (енгізу) жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 885 бұйрығы
3-тармаққа сәйкес 2025 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде шарттарды ресімдеу (енгізу) жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Казақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.