Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы
Осы редакция 2016 жылғы 1 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Мемлекеттік қызметшілердің ант беру қағидалары;
2) Мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалауды өткізу қағидалары мен мерзімі;
3) Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидалары;
4) Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге ротация жүргізу қағидалары мен мерзімі, ротацияға жататын мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдары;
5) Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары;
6) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізбей ауысу тәртібімен орналасу қағидалары бекітілсін.
2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.