«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 243 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережесінде:
мынадай мазмұндағы 320-1), 320-2), 320-3), 320-4), 320-5), 320-6), 320-7), 320-8), 320-9), 320-10), 320-11), 320-12), 320-13), 320-14), 320-15), 320-16), 320-17), 320-18), 320-19) және 320-20) тармақшалармен толықтырылсын:
«320-1) мемлекеттік кірістер органдары тағайындайтын кедендік сараптаманы қоспағанда, Сараптамаларды жүргізу қағидаларын әзірлеу;
320-2) тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктерін әзірлеу;
320-3) тексеру нәтижелері туралы хабарламадан және кедендік тексеру актісінен үзінді көшірменің нысанын әзірлеу;
320-4) камералдық кедендік тексеруді жүргізу кезінде анықталған бұзушылықтардың сипаттамасын қоса бере отырып бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның нысанын әзірлеу;
320-5) камералдық кедендік тексеруді жүргізу кезінде тексерілетін тұлғаға хабарлама насанын әзірлеу;
320-6) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешімнің нысанын әзірлеу;
320-7) камералдық кедендік тексеру алдын ала актісінің нысанын әзірлеу;
320-8) тексерілетін тұлғаға камералдық кедендік тексеру алдын ала актісін жолдау немесе табыс ету, тексерілетін тұлғаның камералдық кедендік тексеру алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну, сондай-ақ мұндай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу;
320-9) кешенді көшпелі кедендік тексерулерді тағайындау үшін тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, тексерілетін тұлғаларды таңдау тәртібін әзірлеу;
320-10) кешенді көшпелі кедендік тексерулердің жартыжылдық кестелерінің нысанын әзірлеу;