«Аң аулау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/157 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 27 наурыздағы № 74 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Аң аулау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/157 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11091 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабы 1-тармағының 57) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
Аң аулау қағидаларының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Аң аулау қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау тәртібін және мерзімін белгілейді.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аң аулау қағидаларына 11-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.