Экономикалық құқық бұзушылық саласындағы заңға қайшы қызметке байланысты жеке және заңды тұлғалардың тізіліміне енгізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 5 мамырдағы № 9 бұйрығы
«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 76-бабы 6-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отрыған Экономикалық құқық бұзушылық саласындағы заңға қайшы қызметке байланысты жеке және заңды тұлғалардың тізіліміне енгізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Превенция және талдау әзірлемелері департаменті белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты оны ресми түрде жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қаржылық мониторинг агенттігі
Төрағасының
2026 жылғы 5 мамырдағы
№ 9 бұйрығымен
бекітілген
Экономикалық құқық бұзушылық саласындағы заңға қайшы
қызметке байланысты жеке және заңды тұлғалардың тізіліміне енгізу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер