Қазақстан Республикасы сот жүйесінің әкімшілік ғимараттарында өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету қағидалары туралы
Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының 2026 жылғы 30 шілдедегі № 5 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 10 тамыздағы № 568 бірлескен бұйрығы
«Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 151 қаулысының 5-тармағының 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы», «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қазақстан Республикасы сот жүйесінің әкімшілік ғимараттарында өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету қағидалары осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты аппаратының) және оның аумақтық органдарының аумағы мен ғимараттарында өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департамент (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) басшысының 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 6001-18-7-6/121 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 265 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16799 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Ішкі қауіпсіздік бөлімі:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Сот әкімшілігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.