Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 34/5-V шешімі
(2015.27.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № № 2314, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулыларына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасы бекітілсін.
2. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Өскемен қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | И. Потапов |
| Қалалық мәслихаттың хатшысы | А. Абакумов |
2014 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 34/5-V шешімімен бекітілген
Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау
қағидасы
1. Жалпы ережелер