«Нысаналы жарна бойынша шығыстарды жоспарлау және нысаналы жарнаны салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 121 бұйрығы (2024.31.12. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Нысаналы жарна бойынша шығыстарды жоспарлау және нысаналы жарнаны салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 121 бұйрығы

(2024.31.12. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 3 ақпандағы № 7 бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің 39-3-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Нысаналы жарна бойынша шығыстарды жоспарлау және нысаналы жарнаны салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрі

 

А. Ғиният

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрі

2023 жылғы 30 маусымдағы

№ 121 бұйрығына

қосымша

 

 

Нысаналы жарна бойынша шығыстарды жоспарлау және нысаналы жарнаны салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру

қағидалары

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.