«Студенттер және оқушылар лигаларын қалыптастыру, студенттер мен оқушылар лигалары арасында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 549 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 78 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Студенттер және оқушылар лигаларын қалыптастыру, студенттер мен оқушылар лигалары арасында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 549 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10192 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № 83 (27959) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Студенттер және оқушылар лигаларын қалыптастыру, студенттер мен оқушылар лигалары арасында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Студенттер лигасы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім алушыларының топ-командаларынан қалыптастырылады (бұдан әрі - топ-командалары).»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Топ-командалары дене шынықтыру пәні оқытушысының өтінімі бойынша техникалық-кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім алушыларынан қалыптастырылады. Топ-командасына білім беру ұйымдарының бір топ білім алушылары енгізіледі.