Көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 213 Қаулысы
(2025.05.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен енгізілген төтенше жағдай кезеңінде есептіліктің жекелеген түрлерін ұсыну мерзімдерін ұзарту туралы, ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 42 Қаулысын қараңыз
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018.27.08. № 182 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.20.07. № 90 Қаулысымен (2020 ж. 1 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.21.11. № 96 Қаулысымен (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.17.12. № 94 Қаулысымен (2026 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 38) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. Төлем жүйелері департаменті (Ашықбеков Е.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;