Осакаров ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидаларын бекіту туралы
Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2021 жылғы 29 қарашадағы № 82/05 Қаулысы
(2025.22.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2026 жылғы 13 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3-бабының 2-тармағына 16) тармақшасына, «Коммуналдық көрсетілетін қызметтердің тізбесін және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 249 Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының бұйрығына сәйкес Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Осакаров ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Осакаров ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Рыбайұлы Ламбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Н. Кобжанов |
Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2025.04.02. № 13/01 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (2025 ж. 22 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Осакаров ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 29 қарашадағы
№ 82/05 қаулысымен бекітілген
Осакаров ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер