«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесін, бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктерін құру және олардың қызметтері туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 509 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2021 жылы 17 ақпандағы № 62 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесін, бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктерін құру және олардың қызметтері туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 509 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықтың 1 және 2-қосымшалары осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Оспанова Н.Ж.) осы бұйрықты облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының білім беру басқармалары басшыларының назарына жеткізсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Ш.Т. Кариноваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.