(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2020» БАҒДАРЛАМАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ...

Осы редакция 2016 жылғы 22 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016.15.04. № 121 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Батыс Қазақстан облысы

әкімдігінің 2015 жылғы 28 шілдедегі

№ 193 қаулысымен

бекітілген

 

 

 «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде
жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

(2016.15.04. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Х. Чурин көшесі, 116 үй мекенжайы бойынша орналасқан «Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығымен бекітілген «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) негізінде көрсетіледі.

Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының кеңсесінде (бұдан әрі - қаржы агенттігі);

3) 180 миллион (бұдан әрі - млн.) теңгеден артық емес кредиттер бойынша www.egov.kz «электрондық үкімет» веб - порталы арқылы.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.