«Ұлттық электрондық денсаулық паспорты мен электрондық ақпараттық ресурстарға ұсынылатын деректердің көлемі мен жиілігін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 906 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 28 қаңтардағы № 42 бұйрығы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 60-бабының 2-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңы 65-бабының 3-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұлттық электрондық денсаулық паспорты мен электрондық ақпараттық ресурстарға ұсынылатын деректердің көлемі мен жиілігін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 906 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаменті осы бұйрық қабылданған күнінен кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.