«Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 595 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 211 бұйрығы

«Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 595 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 211 бұйрығы

 

«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 167-бабының 11) тармақшасына, 117-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 595 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12613 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 14 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу қағидаларында:

Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) борышкердің тұрақты кірісі, жұмыс орны және өндіріп алуға болатын мүлкі болмаған кезде алиментті өндіріп алу туралы атқарушылық құжат бойынша:

атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы;

атқарушылық іс жүргізудің қозғалғаны туралы тараптарға хабарлау;

зейнетақы аударымдарының жоқтығы туралы мәліметтер;

жылжымалы және жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы мәліметтер (тіркеу органдарының сұрау салулары мен жауаптары);

міндетті тұлғаның алименттік міндеттемелерін үш айдан астам уақыт орындамағанын растайтын берешегін айқындау туралы қаулы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.