«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2023 - 2027 жылдарға арналған даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 458 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 13 қарашадағы № 402 бұйрығы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2023 - 2027 жылдарға арналған даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 458 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 13 қарашадағы № 402 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабы 5-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 24-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2023 - 2027 жылдарға арналған даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 458 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Стратегиялық даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында оған қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде орналастырсын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

20___ жылғы «___» _________

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

20___ жылғы «___» _________

 

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2023 жылғы 13 қарашадағы

№ 402 бұйрығына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2022 жылғы 30 желтоқсандағы

№ 458 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің
2023 - 2027 жылдарға арналған
даму жоспары

 

1-бөлім. Миссиясы және пайымы

 

Миссиясы: елдің энергетикалық қауіпсіздігін және экономиканың энергия тасымалдаушыларға өсіп келе жатқан қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында отын-энергетика кешенін дамыту.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.