«Мамандандырылған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2013 жылғы 19 шілдедегі № 289 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 30 бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 614 бұйрығымен күші жойылды
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
«Мамандандырылған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2013 жылғы 19 шілдедегі № 289 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8621 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 224 (28163) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мамандандырылған мектептер (мамандандырылған мектеп, мамандандырылған лицей (мамандандырылған мектеп-лицей), мамандандырылған гимназия (мамандандырылған мектеп-гимназия)) түрлері қызметінің үлгілік қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жалпы орташа білім берудің қолжетімділігін және вариативтілігін қамтамасыз ету, оқу үшін қолайлы жағдайларды жасау, дарынды балаларды олардың бейімділіктеріне, қабілеттеріне, мүдделіліктеріне байланысты тәрбиелеу және дамыту мақсатында мамандандырылған мектептердің келесі түрлері құрылады:
1) мамандандырылған мектеп;
2) мамандандырылған лицей (мамандандырылған мектеп-лицей);
3) мамандандырылған гимназия (мамандандырылған мектеп-гимназия).»;
13-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) екінші деңгей - негізгі орта білім беру;»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Біріктірілген білім беру бағдарламалары пәнаралық, деңгейаралық, халықаралық болып бөлінеді. Біріктірілген білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін білім беру саласындағы ғалымдар, академиктер, шетел мамандары тартылады.»;