Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 11 ақпандағы № ҚР ДСМ-13 бұйрығы
(2023.22.04. берілген өзгерістермен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023.05.04. № 60 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 22 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мына:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қара металлургия объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Көмір өнеркәсібі объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Түсті металлургия және тау-кен өнеркәсібі объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Мұнай операцияларын жүзеге асыратын технологиялық және қосалқы объектілер мен құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Химия өнеркәсібі объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.