«2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 22 қазандағы № 266-VІ Заңы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ

 

«2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»

Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы

 

1-бап. «2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2018 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 21, 77-құжат; 2019 ж., № 8, 42, 45-құжаттар; № 15-16, 68-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) 1, 17, 19, 20 және 24-1-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«1-бап. 2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:

1) кiрiстер - 10 547 475 255 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер бойынша - 6 871 663 083 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер бойынша - 202 769 538 мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша - 6 884 960 мың теңге;

трансферттер түсiмдерi бойынша - 3 466 157 674 мың теңге;

2) шығындар - 11 477 290 810 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу - 265 647 847 мың теңге, оның iшiнде:

бюджеттiк кредиттер - 381 675 587 мың теңге;

бюджеттiк кредиттердi өтеу - 116 027 740 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 169 172 084 мың теңге, оның iшiнде:

қаржы активтерiн сатып алу - 169 172 084 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы - -1 364 635 486 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 2,1 пайызы;

6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы - -5 495 623 486 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 8,5 пайызы;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 1 364 635 486 мың теңге.»;

«17-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2019 жылға арналған резервi 167 696 763 мың теңге сомасында бекiтiлсiн.»;

«19-бап. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2019 жылға арналған шығындарының құрамында мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауға «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына аудару үшін 21 223 199 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.

20-бап. 2019 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету үшiн 761 109 мың теңге көзделсiн.»;

«24-1-бап. 2019 жылға экспортты қолдау бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерін беру лимиті 102 000 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.»;

2) көрсетілген Заңға 1 және 4-қосымшалар осы Заңға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

2-бап. Осы Заң 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

 

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 22 қазан

               № 266-VІ

 

«2019 - 2021 жылдарға арналған

республикалық бюджет туралы»

Қазақстан Республикасының Заңына

өзгерістер енгізу туралы»

2019 жылғы 22 қазандағы

Қазақстан Республикасының

№ 266 -VI Заңына

1-ҚОСЫМША

 

«2019 - 2021 жылдарға арналған

республикалық бюджет туралы»

2018 жылғы 30 қарашадағы

Қазақстан Республикасының

№ 197-VI Заңына

1-ҚОСЫМША

 

 

2019 жылға арналған республикалық бюджет