(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «РЕЗИДЕНТУРАДА МЕМЛЕКЕТТІК ТАПСЫРЫСТЫ ОРНАЛАСТЫРУ, О...

Резидентурада мемлекеттік тапсырысты орналастыру, оқуға қабылдау және медицина кадрларын даярлау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-270/2020 бұйрығы

 

Осы редакция 2021 жылғы 29 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 222-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес медицина кадрларын резидентурада даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес медицина кадрларын резидентурада оқуға қабылдау қағидалары;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес медицина кадрларын резидентурада даярлау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрі

«____»________________2020 жыл

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрі

2020 жылғы 15 желтоқсандағы

№ ҚР ДСМ-270/2020

бұйрығына 1-қосымша

 

 

Медицина кадрларын резидентурада даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.