Осакаров ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидаларын бекіту туралы
Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2021 жылғы 29 қарашадағы № 82/05 Қаулысы
Осы редакция 2025 жылғы 4 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3-бабының 2-тармағына 16) тармақшасына, «Коммуналдық көрсетілетін қызметтердің тізбесін және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 249 Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының бұйрығына сәйкес Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Осакаров ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Осакаров ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Рыбайұлы Ламбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Н. Кобжанов |
2021 жылғы 29 қарашадағы
№ 82/05 қаулысымен бекітілген
Осакаров ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Осакаров ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3-бабы 2-тармағы 16) тармақшасына және «Коммуналдық көрсетілетін қызметтердің тізбесін және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 249 Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20542 тіркелген) сәйкес әзірленді және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну мен ақы төлеу тәртібін белгілейді.